СҚО Қызылжар ауданында Есіл өзенінде 59 жастағы ер адам құтқарылды

СҚО Қызылжар ауданында Есіл өзенінде 59 жастағы ер адам құтқарылды

СҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі 2020 жылғы 26 қарашада түнгі сағат 01.36-да қабылдаған қоңырау құтқару операцияларын жүргізудің жолға қойылған жоспарын іске қосты. Қызылжар ауданындағы Есіл өзенінде балық аулаудан адасқан ер адам қоңырау шалған. 12-15 км жүріп өткен соң, ол жолдан адасқанын түсініп, 112 телефонына хабарласып, бастапқыда ол көлікті «Воронье остров» демалыс аймағында қалдырғанын айтқан. Бұл ақпарат дереу Қызылжар ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне, полиция, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне берілді.

Дереу Қызылжар ауданы ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Аслан Ахметжанов және ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны Данияр Калелов бастаған іздестіру-құтқару тобы ұйымдастырылды.

ТЖ мамандары 1969 жылғы ер адаммен хабарласып, Виктор 2020 жылғы 25 қарашада Петропавл қаласынан Прибрежное селосының маңындағы «Вороний остров» бағытында өзінің жеке автокөлігімен кеткенін анықтаған. Есілге жеткенде ол көлікті жағалауға тастап, мұзға шыққан. Шамамен 25 қарашада таңертеңгі сағат 10-да ол балық аулай бастап, біртіндеп орналасқан жерінен алыстап кеткен. Кешкі сағат 18-де редукторды жинап, үйге қайтпақшы болып, ер адам жағаға қарай бет алған, сол кезде ол өзінің тұрған жерін жоғалтып алғанын байқап, содан кейін Есіл жағасына  қарай  аяңдаған. Сөйтіп ол 112-ге қоңырау шалып, адасып, өзінің бастапқы орнын таба алмағаны туралы ақпарат берген.

«Нива» автокөлігімен шыққан ТЖБ қызметкерлерінің күшімен, Қызылжар ауданының полиция бөлімімен бірлесіп (жеке құрамның 4 адамы 2 бірлік техника) және қорықшының көмегімен «Воронье остров», сондай-ақ «Пороховое» көлінің маңайында іздеу жұмыстары  басталып кетті.  Зардап шегушімен байланыс болғандығын айта кету керек.  

«WhatsApp» бағдарламалық жасақтамасының көмегімен ТЖБ қызметкерлері Виктордың орналасқан жерін анықтады.

Шамамен таңғы сағат 5-ке қарай ер адамның Есіл өзеніне жақын Бәйтерек ауылынан шамамен 2 шақырым жерде екені анықталды.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шегушіні тауып алып, оны өз көлігіне жеткізді.  Құтқарылушы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

«Мен ТЖ қызметкерлері мен полицияға  өзімді құтқарғаны үшін алғыс айтамын. Үлкен рахмет!»,-  деген сөздерімен Виктор өз құтқарушыларына ведомствоның бірінші басшысының атына алғыс хатымен жүгінді.

 

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы