
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы мен өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері құрылымдық бөлімшелердің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, тұрғын үй төлемдерін тағайындау және алу тәртібі жөнінде толық ақпарат берілді. Кездесу соңында қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.