
Олардың негізгі мақсаты – халықтың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзудың алдын алу.
Рейдтік іс-шаралар Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, прокуратура, көліктік бақылау инспекциясы, еріктілер және полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізілуде. Профилактикалық жұмыстар барысында рейдке қатысушылар демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға су айдындарында болған кездегі негізгі қауіпсіздік талаптарын еске салады, сондай-ақ жабдықталмаған орындарда шомылуға және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға жол берілмейтіндігін ескертеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасының су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны немесе орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны немесе орындамағаны үшін 65 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.