
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күніне орай Қазақстан ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелерінде салтанатты іс-шаралар өтті. Осы күні ведомство қызметкерлері мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі, көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің наградаларымен марапатталды.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Мариям Жанқашова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.
Солтүстік Қазақстан облысында А. Әбдірахманов атындағы №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Өндірістік қауіпсіздік басқармасының бас маманы Светлана Скрипкина «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Алғыс хатымен Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы Раушан Матенова марапатталды.
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ТЖД бастығының орынбасары Нұрман Досмұханов «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты іс-шаралар барысында аумақтық бөлімшелердің басшылығы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, адал қызметі, жоғары кәсібилігі және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ерекше көзге түскен қызметкерлерге наградалар табысталып, мерекелік іс-шаралар концерттік бағдарламамен қорытындыланды.