Абайлаңыз, көк тайғақ!

Абайлаңыз, көк тайғақ!

Абайлаңыз, көк тайғақ!                                                       

Көк тайғақ кезінде көше жарақаттары, жаралар, буын таянулар және сынулар саны едәуір ұлғая түседі. Әсіресе,  көк тайғақ қарт адамдар үшін қауіпті, өйткені құлаған кезде олар бірінші кезекте жарақаттанады.

Зардап шеккендер қатарына ілінбес үшін сіз бен біз пәлеге ұшыратпайтын кейбір әдістер мен тәсілдерді білуіміз абзал. Ең алдымен тайғанамайтын өкшесі төмен аяқ киім әзірлеңіз. Бар табанмен басып, абайлап, асықпай қозғалыңыз. Сол уақытта аяқ маужыраңқы, қол бос болу керек. Қарт адамдарға ұшы резеңкелі таяқ немесе ұшында тікенектері бар таяқ ұстау ұсынылады. Егер тайғанап кетсеңіз, құлау биіктігін төмендету үшін отыру қажет. Құлау кезінде домалап түсіп, жерге жұмсақ құлауға тырысыңыз. Қолдағы заттарды құтқарамын деп әуреленбеңіз. Тұруға асықпаңыз, өзіңізді шолып шығыңыз, жарақат болуы әбден мүмкін, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраңыз.

Көк тайғақ кезінде қозғалып келе жатқан көлікке жақындамау өте маңызды, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолы, қалалық көлік аялдамалары, дүкенге кірер баспалдақтар, тіпті, үй иесінің табалдырығы адамдардың жиі құлайтын жері екендігін ескеру қажет.   Баспалдақпен қозғалған кезде сүйенішті пайдаланыңыз. Құм төгілген жолмен жүруге тырысыңыз.                                                                           

Көк тайғақ кезінде арқаға, бетпен көкке қарап құлау қауіпті, себебі ми шайқалуы мүмкін. Жарақаттанған кезде медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгініңіз.  Есіңізде болсын! Абайлағыштық және сақтық – қысқы травматизмнен ең жақсы қорғану.   

СҚО ТЖД Азаматтық  қорғаныс басқармасы