«Күміс бор» балалар сауықтыру лагерінде балалармен профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

«Күміс бор» балалар сауықтыру лагерінде балалармен профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

ТЖД қызметкерлері лагерьде демалып жатқан балалар үшін танымдық кездесу ұйымдастырды. Іс-шара барысында өрт сөндіру-құтқару жабдықтары мен құтқарушылардың арнайы жарақтары көрсетілді. Кинологтардың қызметтік иттерімен көрсеткен өнері балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Балаларға қолжетімді әрі ойын түрінде өрт қауіпсіздігі ережелері, терезеден құлаудың алдын алу шаралары, сондай-ақ жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары түсіндірілді.

Іс-шараның мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар туралы білім деңгейін арттыру және жазғы демалыс кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу.