«ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

«ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

«ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің                                                  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесібос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды                                               Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкер (21 бірлік): Петропавл қаласы 2-МӨСБ – 1 бірлік, Петропавл қаласы 3-ӨСБ – 2 бірлік, Шал Акын ауданы Сергеевка қаласы 6-ӨСБ – 1 бірлік, Ақжар ауданы Талшық ауылы 8-ӨСБ – 1 бірлік, Аққайың ауданының Смирнов ауылы 9-ӨСБ – 2 бірлік, Жамбыл ауданының Пресновка ауылы 11-ӨСБ – 3 бірлік,  Булаево қаласы 12-ӨСБ – 1 бірлік, М. Жұмабаев ауданының Возвышенка ауылы 12-ӨСБ 22-ӨСБ – 1 бірлік, Қызылжар ауданының Бескөл ауылы 13-ӨСБ – 2 бірлік, Тайынша қаласы 14-ӨСБ – 1 бірлік, Тайынша ауданы Чкалово ауылы 14-ӨСБ 26-ӨСБ – 1 бірлік, Мамлют ауданы Мамлютка 15-ӨСБ – 4 бірлік, Тимирязев ауданы Тимирязево ауылы 18-ӨСБ – 1 бірлік.

Өрт сөндіруші (4 бірлік): Петропавл қаласы 2-МӨСБ – 1 бірлік, М.Жумабаев ауданы Булаево қаласы 12-ӨСБ – 1 бірлік, Тайынша ауданы Тайынша қаласы 14-ӨСБ – 1 бірлік, Ғ.Мүсрепов атындағы ауданы Новоишимское ауылы 16-ӨСБ – 1 бірлік.

Радиотелефонист (1 бірлік): Петропавл қаласы 1-МӨСБ – 1 бірлік.

Санаты С-SV-13. Лауазымдық ақысы құқық қорғау органдарындағы еңбек өтіліне байланысты 83 220 теңгеден бастап 110 199 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Өрт сөндіру техникасының қажетті техникалық жарамды деңгейде ұстау, оны дұрыс қолдану, уақтылы техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Өрт туралы хабарламаларды қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға негізгі талаптар:

Білімі – ортадан төмен емес. Жасы – 35 аспаған. Бойы – 165 см. кем емес.

Жүргізушілер куәлігінің санаты – «В», «С» санаттан төмен емес.

Санаттағы лауазым бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажет өзге де міндетті білімді білу қажет.   

Конкурс ҚР ІІМ министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі істер органдарына конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі.

Қажетті құжаттардың тізімі:

1)            белгіленген нысандағы өтініш;

2)            белгіленген нысандағы сауалнама;

3)            кадр есебі бойынша толтырылған іс парағы;

4)            өз қолымен жазылған және басылған түрдегі белгіленген нысандағы толық толтырылған өмірбаян;

5)            нотариалды түрде куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

6)            нотариалды түрде куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

7)            нотариалды түрде куәландырылған әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі;

8)            соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған кезде), (оқуы) немесе әскери бөлімі;

9)            өлшемі 3х4 төрт фотосурет;

10)         Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігігің көшірмесі;

11)         Халыққа қызмет көрсету орталығынан бұрын сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтамалар;

12)         Құжаттарды тапсыру сәтіне нақты болған шекті мәнінен төмен емес нәтижелерімен ҚР заңнамаларын білуіне тестілеуден өту туралы сертификат.

13)         Құжаттарды тапсыру сәтіне нақты болған уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі туралы қорытынды.

14)         жүргізуші куәлігінің көшірмесі (жүргізушілер үшін).

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Конкурстық комиссиянын отырысында бақылаушылардын қатысуы мүмкін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар газетте конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми түрде жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде 150000, Петропавл қ., Ғ.Мүсірепов көшесі 32 «А» мекенжайы бойынша ұсынылуы керек. Конкурс 30 күн ішінде өткізіледі.

Анықтама үшін телефондар: 8 (715-2) 52-26-36, Электрондық мекен-жайы: ok_spasr_sko@emer.kz