
Халықаралық отбасы күнінде СҚО ТЖД қызметкерлері көпбалалы әріптестерінің шаңырағына барды.
Халықаралық отбасы күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көпбалалы әріптестерінің отбасыларымен кездесті. Мұндай іс-шаралар ең басты құндылықтар – өзара қолдау, құрмет және отбасы бірлігін дәріптейді. Әсіресе, қиындығы мен қызығы мол қызметті бала тәрбиесімен қатар алып жүрген қызметкерлердің отбасына ерекше көңіл бөлінді.
Бөлімше командирі Талғат Бөкүнев үш қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырса, өрт сөндіруші-құтқарушы Аслан Жүкубаевтың үш ұлы мен бір қызы бар. Бұл отбасылар – татулық пен қамқорлықтың, берік отбасылық дәстүрлердің нағыз үлгісі. Олар кез келген қиындықты бірлесе еңсеріп, бір-біріне әрқашан тіреу бола біледі.
Жылы әрі достық жағдайда өткен кездесуде ТЖД қызметкерлері бала тәрбиесінің маңыздылығы, ұрпақтар сабақтастығы және ата-ананың бала өміріндегі рөлі туралы әңгімелесті. Кездесу соңында көпбалалы отбасыларға естелік сыйлықтар табысталып, қолдау көрсетілді.