
Дүниежүзілік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің *17 қызметкері* өтеусіз қан тапсыру акциясына қатысты.
«Қан донорлығы — бұл ынтымақтастықтың айқын көрінісі. Донор бола отырып, Сіз басқа адамдардың өмірін құтқарасыз. Бұл акция адамдардың өмірін сақтауда ерікті қан донорлығының маңыздылығына назар аударуға және қоғамдағы бірлікті нығайтуға бағытталған. Көптеген жылдар бойы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бұл маңызды іске бірауыздан қолдау көрсетіп, отандастарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Мұндай игі мамандық иелеріне деген құрметіміз бен алғысымыз шексіз!», – деп атап өтті СҚО ТЖД донорларына арнаған сөзінде Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Сауле Оразова.