Алина Гарап пен Темірлан Ақтан СҚО атынан Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды!

Алина Гарап пен Темірлан Ақтан СҚО атынан Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды!

Алина Гарап пен Темірлан Ақтан СҚО атынан Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды!

2026 жылғы 21–23 сәуір аралығында Орал қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар қатысып, жас жауынгерлердің дайындық деңгейін көрсетуге арналған маңызды алаңға айналды. Турнирге Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысып, жоғары деңгейдегі дене дайындығын, төзімділікті және спорттық шеберлікті көрсетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша Гарап Алина 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде І орынды иеленіп, өз көшбасшылығын сенімді түрде дәлелдеді. Ал Ақтан Темірлан 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды жеңіп алып, лайықты нәтиже көрсетті.