СҚО-да құтқарушылар мен шекарашылардың бірлескен оқу-жаттығулары өткізілді

СҚО-да құтқарушылар мен шекарашылардың бірлескен оқу-жаттығулары өткізілді

СҚО-да құтқарушылар мен шекарашылардың бірлескен оқу-жаттығулары өткізілді

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, бекітілген өзара іс-қимыл кестесін іске асыру шеңберінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты жарылғыш заттардың, тез тұтанатын сұйықтықтар мен газдардың болуымен сипатталатын жоғары қауіпті нысанда өрт туындаған жағдайда бөлімшелердің практикалық іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру болды. Оқу-жаттығуға өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасынан 14 адам жеке құрам және 4 бірлік техника тартылды, оның ішінде 2 өрт автоцистернасы, 2 жедел-жеңіл автокөлік, сондай-ақ жарылыс-өрт қаупі жоғары нысандарда өртті сөндіруге арналған роботтандырылған қондырғы бар.

Оқу-жаттығуға жалпы басшылықты өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мұханбеталин Ербол Серикович, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Жаканов Адлет Кияшович жүзеге асырды. Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың барысына тікелей басшылықты СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигі Акжигитов Данияр Темирович жүргізді.

Оқу-жаттығу шарттарына сәйкес, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жеке құрамды дер кезінде эвакуациялау ұйымдастырылды, сондай-ақ қысқа тұйықталудың алдын алу және жарылыс қаупін барынша азайту мақсатында әкімшілік ғимараттың электр энергиясы ажыратылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің жеке құрамы өрт сөндірушілерді ықтимал жарылғыш заттар болуы жағдайында қауіпсіз жұмыс істеу үшін жеке бронь қорғаныс құралдарымен (кевлар дулығалары мен бронежилеттермен) қамтамасыз етті.

Оқу-жаттығу барысында шартты өрт ошағы белгіленген нормативтер шегінде оқшауланып, жойылды. Практикалық пысықтаудың жалпы уақыты 45 минутты құрады. Іс-шара қорытындысы бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттер толық көлемде орындалды. Қатысқан бөлімшелердің іс-қимылдары үйлесімді деп танылып, ведомствоаралық өзара іс-қимыл деңгейі жеткілікті деп бағаланды.В СКО проведены совместные занятия спасателей и пограничников