Марина Самойленко СҚО ТЖД ресми өкілі болып тағайындалды

Марина Самойленко СҚО ТЖД ресми өкілі болып тағайындалды

Азаматтық қорғау капитаны Марина Игоревна 1991 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Психология (әлеуметтік ғылымдар және бизнес)» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бітірген.

Азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдың қазан айынан бастап қызмет етеді, ал ресми өкіл лауазымына 2026 жылдың наурызында тағайындалды. Осы қызметке дейін СҚО ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының бас маманы лауазымын атқарды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталған

Лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтаймыз және қызмет жолында жемісті жұмыс тілейміз.