Жарыстар спорттың үш түрі бойынша өтті: футзал, үстел теннисі және волейбол.
Спартакиадаға жеті команда қатысты: Шығыс өңірі, Солтүстік өңірі, Орталық өңірі, Департаменттің басқару аппаратының командасы, Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, сондай-ақ Департаменттің Жедел-құтқару жасағы.
Екі күнге созылған тартысты әрі қызу бәсекенің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:
• 1 орынды Департаменттің жедел-құтқару жасағының командасы иеленді;
• 2 орынды Солтүстік өңір командасы алды;
• 3 орынды Орталық өңір командасы иеленді.
Спартакиада спорттық бәсеке рухында өтіп, командалық бірлікті нығайтуға, қызметкерлердің дене дайындығын арттыруға және жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.