СҚО ТЖД жеке құрам арасында қызметтік-әскери тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту

СҚО ТЖД жеке құрам арасында қызметтік-әскери тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың  алдын алу  және ескерту

СҚО ТЖД жеке құрам арасында қызметтік-әскери тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың  алдын алу  және ескерту

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік-әскери тәртіпті сақтау мәселелері - ерекше бақылауда Жақында СҚО ТЖД корупциялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қызметтік-әскери тәртіпті сақтауға қатысты НҚА енгізілген өзгерістерді зерделеу бойынша семинар өткізілді. Селекторлық режимде өткізілген семинарға ТЖД Кадр саясаты бөлімінің және «ӨС жАҚЖҚ» ММ қызметкерлері, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты.         

Семинардың басты мақсаттарын Департамент бастығының орынбасары майор Игорь Жуков жеткізді. Игорь Евгеньевич ҚР ТЖМ департаментінде және жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Содан кейін кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев әріптестеріне азаматтық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы ақпарат берді. Ол жеке құраммен, оның ішінде жас қызметкерлермен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын талаптарын бұзуға жол бермеу мақсатында үнемі зерделеу қажеттігін атап өтті. Қызметтік-әскери дисцеплинаның бұзылуын азайту мақсатында ол бөлімше басшыларына жеке құрам арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. «Департамент жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың ықтимал көріністеріне жол бермеу және болдырмау, ұжымды Департаменттің оң имиджін құру және нығайту жөніндегі қызметке бағыттау бойынша жоспарлы іс - шараларды жоспарлады», - деп атап өтті Нұрлан Нүкішев.                                         

Сондай-ақ, бөлім бастығы мемлекеттік қызметшілердің 2020 жылға жергілікті мүлік салығын, жер салығын және көлік құралдары салығын төлеу бойынша бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін атап өтті. Ол мүлік пен жерге есептелген салық сомасы туралы ақпаратты, сондай-ақ салық төлеу түбіртегін басып шығаруды қайдан алуға болатынын түсіндірді (сайтта www.kgd.gov.kz (аты-жөні немесе ЖСН бойынша).

Кейіннен сөз сөйлегендер кадр саясаты бөлімінің және заң тобының мамандары қатысушыларға нысанды киім кию және жол қозғалысы ережелерін сақтау, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді орындау қажеттілігін жеткізді.

Кадр саясаты бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақпал Әлімкина