РКШЖ «Көктем-2026»: еліміздің өңірлерінде су тасқынына дайындық пысықталуда

РКШЖ «Көктем-2026»: еліміздің өңірлерінде су тасқынына дайындық пысықталуда

Солтүстік Қазақстан облысындаоқу-жаттығудың екінші күні Есіл өзенінің тасу қаупі бар аймақта орналасқан Прибрежное ауылында эвакуациялық іс-шараларға алғаш рет тікұшақ тартылды. Сценарийге сәйкес елді мекенді тасқын су басып, сыртқы әлеммен байланыс үзілді. Тұрғындарға шұғыл көмек қажет болды. ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» әуе кемесі ауылдың 7 тұрғынын жедел түрде аудан орталығы Бескөл ауылының шетіне жеткізді. Онда оларды жол талғамайтын көліктер мен вахталық автобус күтіп алды. Тұрғындар орта мектеп базасында ұйымдастырылған эвакуациялау пунктіне орналастырылды. Мұнда оларды тіркеу, алғашқы медициналық көмек көрсету, тамақтандыру және жатын орынмен қамтамасыз ету сияқты барлық қажетті шаралар атқарылды. Сонымен қатар осы рейспен қатты сырқаттанып қалған ер адам құтқарылды. Ол үйдің шатырынан құтқару шығыры (лебедка) мен арнайы құтқару люлькасы арқылы түсіріліп, эвакуацияланды. Оқу-жаттығудың алғашқы күні елді мекендерден шамамен 32 мың текше метр қар шығарылды, ұзындығы 3 шақырымнан астам арықтар мен су өткізу арналары тазартылды. 120-дан астам су өткізу құбыры аршылып, 70 шақырымнан астам қардан тазартылған егіс алқаптары өңделді.