Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай іс-шара өтті

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай іс-шара өтті

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай іс-шара өтті
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Петропавл қаласындағы №12 орта мектеп базасында жинақтау эвакуациялық пункті жайылып, оның дайындық деңгейі бағаланды. Іс-шараның негізгі мақсаты — төтенше жағдайлар кезінде халықты қауіпсіз аймаққа көшіруді ұйымдастыру тәртібін пысықтау және жауапты қызметтердің үйлесімді әрекетін тексеру.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларына Жедел құтқару жасағының қызметі, өрт сөндіру техникасы мен арнайы жабдықтары таныстырылып, көрсетілім ұйымдастырылды. Мамандар балаларға төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, құтқарушылардың күнделікті қызметі туралы мәлімет берді.
Аталған іс-шара оқушылардың азаматтық қорғаныс саласындағы білімін арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.