Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына дайындық шаралары жүргізілуде

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына дайындық  шаралары жүргізілуде

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына дайындық

шаралары жүргізілуде

 

Петропавл қаласында № 3 өрт сөндіру бөлімінің алаңында СҚО ТЖД жеке құрамының, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің және облыстағы қоғамдық ұйымдардың еріктілерінің сапқа тұруы өтті.

Департамент басшылығы жүргізген нұсқамадан кейін акцияға қатысушылар көктемгі кезеңде еріген қар суларынан су басу қаупі бар облыс орталығындағы Жұмысшы кентінің жеке секторында су өткізу арналары мен арықтарды тазалау жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар, жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулалары қардан тазартылып, тұрғындарға ескерту сипатындағы жадынамалар таратылды.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 7 мыңға жуық тұрғын тұратын 112 елді мекен ықтимал су басу аймағында орналасқан.