СҚО-да ағзаларды трансплантациялаудың заңнамалық негіздері талқыланды

СҚО-да ағзаларды трансплантациялаудың заңнамалық негіздері талқыланды

Қазақстандағы ағза донорлығының заңнамалық негіздері мен қағидаттары түсіндірілді.

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасындағы қайтыс болғаннан кейінгі донорлық және ағзаларды трансплантациялау мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті. Іс-шара қолданыстағы заңнамаға және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұйымдастырылды.

Дәрісті СҚО бойынша трансплант-үйлестіруші Қабдуов Әділхан Бейбітұлы жүргізді. Баяндама барысында адам ағзалары мен тіндерінің донорлығының құқықтық негіздері, келісім беру тәртібі, сондай-ақ еліміздегі трансплантация жүйесінің негізгі қағидаттары түсіндірілді.

Еріктілік, әдептілік және қауіпсіздік қағидаттарына ерекше назар аударылды. Бұл қағидаттар донорлар мен реципиенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Осындай іс-шараларды өткізу халықтың ақпараттану