
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде 2026 жылғы су тасқыны және өрт қауіпті кезеңдерге дайындық бойынша кеңес өтті
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру және 2026 жылғы су тасқыны және өрт қауіпті кезеңдерде төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық мәселелері қарастырылды.
Топырақтың қату тереңдігі мен күзгі ылғалдылық деңгейі өткен жылдың көрсеткіштерінен асып түсетіні атап өтілді, бұл елді мекендерді су басу қаупін арттырады. Осыған байланысты азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру, су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу және халықты ақпараттандыру жөніндегі шаралар қаралды.
Кеңес барысында аудандар мен Петропавл қаласының әкімдеріне қарды шығару, эвакуациялық пункттерді дайындау, су айдындарында жарылыс жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ құрғақ өсімдіктерді шабуды және өртке қарсы белдеулерді жайластыруды қоса алғанда, өрт қауіпті кезеңге дайындықты күшейту жөнінде тапсырмалар берілді. «Су тасқынын болжау және модельдеу «Tasqyn» ақпараттық жүйесін дамыту бойынша Жол картасын іске асыруға ерекше назар аударылды.