
Балалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Петропавл қаласы прокуратурасының қызметкерлері, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлім қызметкерлері, Психикалық денсаулық орталығының мамандары және Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өкілдерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді.
Кездесу барысында ата-аналарға құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері, ересектердің балалардың өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілігі түсіндірілді, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың бойында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді