Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған мектеп-интернатында қауіпсіздік шарасын өткізді. Оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт болған жағдайда не істеу керектігі, көктемгі су тасқыны кезіндегі сақтық шаралары еске салынды, сондай-ақ балалардың терезеден құлау қаупі және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында оқушыларға тиісті материалдар көрсетіліп, үлестірме материалдар таратылып, сұрақтарына жауап берілді. Қауіпсіздік - әркімнің міндеті!