АЖҚС СҚО - бакылауда!

АЖҚС  СҚО - бакылауда!

Солтүстік Қазақстан облысында автогаз құю станцияларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тапсырмасын орындау мақсатында автогаз құю станцияларын пайдаланатын субъектілерге тексеру жүргізуде.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау барысында адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының бірқатар өрескел бұзушылықтары анықталды.
Мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жедел әрекет ету шаралары қабылданды. Атап айтқанда, 15 қауіпті техникалық құрылғы пломбаланды. Сонымен қатар, бақылау және қадағалау субъектілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған нысандарда өңір бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасуда.