Қауіпсіздік үшін алдын алу – жүк көтергіш крандар
Солтүстік Қазақстан облысында мұнаралы крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жүк көтергіш механизмдерді (мұнаралы крандарды) пайдалану кезінде орын алатын өлім-жітім жағдайларын азайту мақсатында, еліміздің құрылыс нысандарында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары қаладағы құрылыс алаңдарында профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Жұмыс қауіпті техникалық құрылғыларды жүк көтергіш крандарды пайдаланатын ұйымдардың өкілдерімен жүргізілді. Іс-шаралар барысында мұнаралы кран машинистеріне жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі жадынамалар таратылды, ал ұйым басшыларына өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы хаттар жолданды.
Мұндай іс-шараларды өткізу өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге және құрылыс нысандарында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.