
Сабақ барысында келесі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді:
* Жол жүрісі қағидаларындағы өзекті өзгерістер;
* Жол-көлік оқиғалары кезіндегі іс-қимылдар;
* Арнайы көлікті басқарудың ерекшеліктері;
* Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік.
Жеке құрамға Жол жүрісі қағидаларының негізгі ұғымдары зерделеніп, жеткізілді, соның ішінде:
* Күнделікті қызметте қызметтік автокөлікті пайдалану кезіндегі қағидаларды сақтау талаптары;
* Жедел-қызметтік және өрт сөндіру автоцистерналарымен шақырту орнына бару тәртібі (мұнда қауіпсіздікке, жылдамдық режимін сақтауға, қиылыстардан өту ережелеріне және жол қозғалысының басқа қатысушыларымен өзара іс-қимылға басымдық берілді).
Габариттері мен салмағы үлкен арнайы, негізгі және қосалқы өрт сөндіру техникасын, атап айтқанда, өрт сөндіру автоцистерналары мен арнайы автокөліктерді басқару кезіндегі жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері техниканың тұрақтылығын жоғалтуға және аударылуына әкеп соғуы мүмкін, сондай-ақ жеке құрам мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шұғыл маневрлердің аса қауіпті екенін атап өтті.
СҚО ТЖД жеке құрамы сабаққа белсенді қатысып, сұрақтар толық көлемде қамтылды.
Сабақ соңында материалды игеру деңгейін бағалау мақсатында сынақтар ұйымдастырылды. Тексеру «сұрақ-жауап» форматында, сондай-ақ сабақтың негізгі тақырыптары бойынша тестілеуден өту арқылы жүргізілді.
Нәтижелер жеке құрамның дайындық деңгейі мен білімін анықтауға, сол арқылы қосымша пысықтауды қажет ететін бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.
Өткізілген іс-шараларды құжаттық растау мақсатында сабақтың теориялық бөлімі, практикалық пысықтау және тексеру шаралары фото және бейнежазбаға түсірілді.