Департамент бастығы жеке құрамды ағымдағы жылдың жетістіктерімен құттықтап, атқарылған адал қызметтері үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта кәсіби табыс, зор денсаулық және отбасылық амандық тіледі.
Іс-шара аясында Департамент бөлімшелерінің офицерлеріне кезекті арнайы атақтарды табыстау рәсімі өтті.
Сондай-ақ СҚО ТЖД бастығының қолынан жоғары марапат — «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы, Полтавка ауылының тұрғыны Арзу Саниевке табысталды. Ол жеке тұрғын үйде болған өрт кезінде әйел адамды құтқарып, ерлік пен жанқиярлық танытты.