Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің офицерлік құрамымен 2025 жылғы 19 желтоқсанда Қызылжар ауданы Соколовка ауылында, Пионерская көшесі, 58-үй мекенжайында орын алған жеке тұрғын үйдегі өрт бойынша талдау жүргізілді.
Іс-шара барысында өрттің шығу және даму себептері жан-жақты қарастырылып, кезекші қарауылдардың және өрт сөндіруді басқарған басшылардың іс-қимылдары талданды.
Бөлімшелердің уақытылы келуіне, өртті сөндіруді ұйымдастыруға, судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударылды.
Талдау қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалар мен бөлімшелердің іс-қимылдарына баға беріліп, ауылдық елді мекендерде өрттерге ден қою тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. Бөлімше басшыларына жеке құраммен қосымша сабақтар өткізу және халық арасында профилактикалық жұмысты күшейту тапсырылды.
Мұндай талдауларды өткізу офицерлік құрамның кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ өрттердің алдын алуға және олардың салдарын азайтуға ықпал етеді.