СҚО ТЖД-де газтүтіннен қорғау қызметінің тоқсан сайынғы даярлығы өтті

СҚО ТЖД-де газтүтіннен қорғау қызметінің тоқсан сайынғы даярлығы өтті

Департаменттің өрт сөндіруді ұйымдастыру басқармасы газтүтіннен қорғаушылардың физикалық жұмысқа қабілеттілігін бағалау бойынша жыл сайынғы сынақ өткізді. Дайындық дәстүрлі жылу-түтін камерасы жүйесінде ұйымдастырылды.

Жаттығу барысында газтүтіннен қорғау қызметінің құтқарушылары арнайы практикалық дайындықтан өтті. Тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеудің негізгі әдістері көрсетілді.