Конкурсқа өртке қарсы бөлімшелердің радиотелефонистері мен өрт байланысының орталық пунктінің диспетчерлері қатысты. Қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын, сондай-ақ кезекші-диспетчерлік қызметтің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша білімдерін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған — № 1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті, азаматтық қорғау кіші сержанты Анастасия Сергеевна Коломиец.
Екінші орынды ЖжЖБО ОӨСБ диспетчері, азаматтық қорғау сержанты Әсел Ерғалиқызы Кайнуллина иеленді.
Үшінші орынды ЖжЖБО ОӨСБ диспетчері, азаматтық қорғау сержанты Сания Жасұланқызы Бахитова алды.
ТЖД СҚО