СҚО ТЖД-де шахмат турнирі өтті

СҚО ТЖД-де шахмат турнирі өтті

19 желтоқсанда «Барс» БЖСМ базасында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арасында шахмат турнирі өтті.

Жарыс адал спорттық күрес қағидаттарын сақтай отырып, ұйымдасқан және достық атмосферада өтті. Турнир жеке құрамның зияткерлік әлеуетін, логикалық ойлау қабілетін және ұжымдық рухын дамытуға бағытталды. Жарыстың төрешілігін «Барс» БЖСМ-нің білікті төрешісі қамтамасыз етті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын — Кеңес Асылбек Жанатұлы,
2-орын — Басенов Арман Дюсембайұлы,
3-орын — Хутинаев Владимир Александрович.