Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Есіл өзенінде рейд өткізді

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Есіл өзенінде рейд өткізді

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Есіл өзенінде рейд өткізді

      Ауа-райы күнделікті өзгеруде, қазан-қараша айында балықшылар ауа-райының бірінші аязды күндерінде бірінші мұзды қуанышпен қарсы алады. Олар қысқы мүзасты балық аулау кезеңінің ашылуына дайындалады.

       Әдетте үш күнгі аязды күндерден кейін кішігірім су айдындарында мұз тұрады. Бірақ, қауіпсіздік мақсатында бірнеше күн күту қажет, ал балықшылар болса мұздай суда болу қауіп-қатеріне өздерін төндіріп жұқа мұзға шығады.

         21 қазан күні Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Есіл өзенінде балықшылармен кезекті рейд өткізді. Рейд барысында балықшылармен профилактикалық әңгіме жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік ережелері бойынша үнпарақ таратылды. Осындай рейдтер жиі өткізіліп, қайғылы оқиғалардың алдын алуда ғана маңызды болмай, сонымен қатар балықшылардың су айдынына шығар алдында өз өмірлерін қауіпке төндіру қажет пе екені жайлы ойландырады.  

      Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары балықшылармен ауызша әңгіме арқылы, сонымен қатар мұз астынан балық аулауды ұнататын әуесқой балықшыларға парақшалар таратып, күзгі-қысқы кезеңдегі судағы  қарапайым қауіпсіздік ережелерін, әсіресе мұз үстіндегі өзін-өзі ұстау ережелерін ескертті.   Әуесқой балық аулаушыларға шектелген аумақта көп шұңқырлар қазып, үлкен топ құруға болмайтындығы жайлы ұмұтпау қажет.

      Әрбір балықшыға қорғау құралы ретінде соңында ілгіші бар, ұзындығы 12-15 метр болатын жіпті қасында ұстаған жөн.

      Су қоймасын мұздың үстімен шаңғы арқылы жүріп өткен кезде салынған шаңғы жолымен жүрген жөн, ал ол болмаған жағдайда тың жерлермен қозғалмас бұрын шаңғының бекіткішін босатып шаңғы таяғының ілгішін қолдың буынынан шешу керек. Қозғалыс кезінде мұздың беріктігін таяқтың соққысы арқылы тексеріп және оның жай-күйін қадағалап отыру қажет.

      Қардың және омбы қардың астындағы мұз қауіпті және сенімсіз болып табылады, сонымен қатар мұздың жұқа қабатымен жабылған шұңқырлар мен суаттар қауіп төндіреді.

         Жедел-құтқару жасағы қауіпті жағдайға ұшыраған адамдарға көмек көрсетуге дайын, бірақ адамдардың денсаулығы мен өмірі біріншіден өздерінің сақтылығы және мұқият болуына  байланысты.

Жедел-құтқару жасағы «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ