Көпшілікке жақсылық жасайтын еріктілерді СҚО-да құттықтады

Көпшілікке жақсылық жасайтын еріктілерді СҚО-да құттықтады

          Бүгін, Халықаралық еріктілер күніне орай, СҚО ТЖД Қазақстан Қызыл Ай Қоғамымен бірлесе отырып, еріктілер мен волонтерлік қозғалыста белсенді қатысып жүрген және донорлық қызметпен айналысатын ерекше еңбегімен көзге түскен қызметкерлерді марапаттады. ТЖД бірінші орынбасары Нұрлан Нүкішев қатысушыларды құттықтап, халыққа көмек көрсету және қоғамға жақсылық жасаудағы белсенді жұмыстарына алғыс айтты.

         Қазақстан Қызыл Ай Қоғамының құрмет грамоталары мен алғыс хаттар еріктілер қозғалысын дамытуға және халыққа көмек көрсетуге айтарлықтай үлес қосқан белсенді қызметкерлерге берілді. Еріктілер, белсенді қызметкерлер мен донорлар — біздің әлемді қауіпсіз және мейірімді ететін адамдар. Барлығыңызға алғыс!

ТЖД СҚО