2025-2026 жылдардағы жылыту мерзімі басталуына байланысты СҚО ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы басқармасының инспекторларымен бірлесіп «Севказэнерго» АҚ-ның ЖЭО-2 әлеуметтік инфрақұрылым объектінде апаттық жағдайларға жол бермеу мақсатында қауіпті техникалық құрылығыларды пайдалануды бақылауды күшейту бойынша алдын алу іс-шараларын өткізді.
Профилактикалық іссапар барысында мемлекеттік қызметкерлер қазандық және турбиналық цехтар мен станцияның орталық басқару пультін аралап, зауыт мамандарына өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударып, консультациялық көмек көрсетті.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін нысан өкілдеріне департаментті ықтимал апаттар мен оқыс оқиғалар туралы хабардар ету тәртібі түсіндіріліп, олар орын алған жағдайда жедел әрекет ету маңыздылығы көрсетілген хат табыс етілді.