СҚО-да өрт сөндіру пункті ашылды

СҚО-да өрт сөндіру пункті ашылды

Жаңа бөлімше Мамлют ауданының Белое ауылында СҚО ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың белсенді қолдауымен ашылды.

«Тюркин и Со» ЖШС базасында ашылған өрт сөндіру пункті халық саны 849 адам болатын төрт елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Пункт СҚО ТЖД берген ЗиЛ базасындағы АЦ-2,5-40 өрт сөндіру көлігімен және өртке қарсы-техникалық жабдықтармен толық жабдықталған. Сондай-ақ жеке құрамға өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдерінің жиынтығы, қысқы және жазғы үлгідегі формалық киімдер берілді. Пункт ғимаратында жеке құрамның жұмыс істеуіне және демалуына қолайлы жағдай жасалған.

          ТЖД СҚО