Гарнизонның газтүтіннен қорғаушылары үздіктерді анықтады

Гарнизонның газтүтіннен қорғаушылары үздіктерді анықтады

Өткен аптада Петропавл қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД газтүтіннен қорғаушылардың сайысы өтті.  Оған өрт сөндіру бөлімдерінің 18 тобы қатысты.

 Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша «Ең үздік газтүтіннен қорғаушы» атағын Смирново ауылының №9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Еламан Байтуханов иеленді. Ол 18 қабатты 2 минут 11 секундта еңсерді.
 «Қауіпсіздік бекетіндегі ең үздік бекетші» болып Петропавл қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғаудың кіші сержанты Камиль Мансуров танылды.

 Командалық есепте бірінші орынды Ақжар ауданының №8 өрт сөндіру бөлімі,
 екінші орынды Петропавл қаласының №3 өрт сөндіру бөлімі,
 үшінші орынды Петропавл қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі иеленді.

Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.