СҚО Жамбыл ауданында табиғи өрттерді жою бойынша оқу-жаттығулар өтті. Оған Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының ТЖД, РФ Қорған облысы, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтері мен еріктілер қатысты. Оқу-жаттығуға 33 бірлік техника және шамамен 150 адам жеке құрам тартылды.
Сценарий бойынша дала мен орман алқабындағы өртті сөндіру, халық пен жануарларды эвакуациялау, адасқан саңырауқұлақ терушілерді іздеу, электр желілерін қалпына келтіру іс-шаралары жүргізілді. АГТС-тағы өртті жою үшін өрт сөндіруші робот қолданылды. Оқу-жаттығулар төтенше жағдайлар қызметтерінің дайын екенін, өзара іс-қимылдың тиімділігін және заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығын көрсетті
ТЖД СҚО