Азаматтық қорғау органдары ардагерлеріне қамқорлықпен!

Азаматтық қорғау органдары ардагерлеріне қамқорлықпен!

1 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нурлан Нукишев Петропавл қаласында тұратын ардагерлерге барды.

Сапар барысында Нұрлан Сейтжанұлы пен азаматтық қорғау органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Сағынбай Уәлиев Олжабай Сөнтеміровке, Құрманғазы Сүйендіковке, Роза Мұқашеваға және Валентина Гуфенкоға «ТЖ ардагерлер ұйымының 20 жылдығы» мерейтойлық медалін, гүл шоқтарын және азық-түлік себеттерін табыс етті.

Олар ардагерлерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтап, азаматтық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы нәтижелі еңбектері үшін алғыстарын білдірді. Қонақтар тұрмыс жағдайымен танысып, денсаулықтары, қажеттіліктері мен тілектерін сұрап, ардагерлерге амандық-саулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

СҚО ТЖ департаменті