Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД төтенше жағдайлар басқармасының бас маманының еңбек өтілі – 11 жыл.
Кәсіп таңдайтын сәт келгенде күмән болмады: тек өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатарында болу! Балалық шағында әжесі өрт сөндіру қызметінде ұзақ жылдар еңбек еткен атасы туралы жиі әңгімелейтін. Сондай-ақ өрт сөндіру саласында көп жылдан бері еңбек етіп жүрген Болат атты ағасы сүйікті ісіне жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетіп келеді…
Азаматтық қорғау академиясындағы оқу оңай болған жоқ – сағаттап кітапқа үңілуге, спортпен тынымсыз айналысуға тура келді. Дегенмен дипломдағы бағалары жақсы әрі көбіне «өте жақсы» болды, оның ішінде сүйікті пәндері – физика мен математикадан да үздік нәтижелерге қол жеткізді.
«Бөлу бойынша Солтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаментіне жіберілдім, Петропавл қаласы ТЖ басқармасында инженер қызметінен бастадым. Ең түрлі адамдармен – басшылармен де, қарапайым қызметкерлермен де, балалармен де, зейнеткерлермен де жұмыс істеймін. Бұл қиын, жауапты іс, бірақ екінші жағынан қызықты, себебі қайтарымын, нақты нәтижесін сезінесің», – дейді Жанат.
Оның жұмыс күні минутына дейін жоспарланған – нысандарды тексеру, азаматтарды қабылдау, профилактикалық жұмыс, кеңестер беру. Ол үшін «ең жоғарғы шеберлік» – адамдарға қауіпсіздік ережелерін түсінікті әрі қолжетімді жеткізу, олардың орындалуына қол жеткізу, өрт қауіпсіздігінің құқықтық аспектілері жөнінде толыққанды ақпарат беру. Айтуынша, алған техникалық білімі мен әңгімелесушіге құрметпен қарауы сөзсіз нәтижесін береді. Жанат – облыс орталығындағы мектептер мен әлеуметтік нысандарда асыға күтілетін қонақ, онда оны дәрістер мен нұсқаулықтарымен тағатсыздана күтеді. Қала әкімі аппараты «Ақылды қала» бағдарламасын әзірлегенде, осындай маңызды құжатқа оның авторлық ұсыныстары енгізілген еді.
Әріптестері жас маманға құрметпен қарайды, себебі әрқашан уәдесінде тұратынын және кез келген сәтте көмекке дайын екенін біледі.
Жанаттың тірегі – отбасы, ол жұбайы Армана екеуі кішкентай қызы Мединаға тәлім-тәрбие беріп отыр. Күреспен, жүгірумен айналысады, Петропавлдың «PETRO RUN» жүгіру қауымдастығына мүше. Өмірлік ұстанымы – «Алға ғана!».
СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы