Қызметкерлерге 2025–2030 жылдарға арналған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының негізгі қағидаттары түсіндірілді.
Солтүстік Қазақстан облысында Департаменттің жеке құрамына арналған семинар өтті. Оған жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты. Негізгі тақырып – 2025–2030 жылдарға арналған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын түсіндіру және қызметтік тәртіп мәселелерін талқылау болды. Жиында полиция подполковнигі Тимур Бимаков, полиция подполковнигі Бахыт Дюсембинов және полиция капитаны Саят Дюсембин сөз сөйледі. Спикерлер құқықтық тәртіпті нығайтудың, құқықтық сананы арттырудың, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды, соның ішінде аудандық бөлімшелерден бейнебайланыс арқылы түскен сауалдар да қаралды. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп пен жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.