🏃♂️ Штурм сатысымен көтерілу бойынша Жұматай Жангелді бірінші орынды иеленді, екінші орын – Байғарин Ильяс, үшінші орын – Абаев Досымжан.
💨 100 метрлік кедергілер жолағында да Жұматай Жангелді үздік нәтиже көрсетті. Одан кейін Жүкенов Нұрбол мен Владислав Рублев келді.
🚒 Жауынгерлік қанат жаюда Петропавл қаласының №5 ӨС командасы жеңімпаз атанды, кейінгі орындар – Сергеевка қаласының №6 ӨС және Уәлиханов ауданының №17 ӨС командаларына бұйырды.
🏆 Жалпыкомандалық есеп:
1️⃣ орын – Петропавл қ. №1 МӨСБ
2️⃣ орын – Петропавл қ. №2 МӨСБ
3️⃣ орын – Петропавл қ. №5 ӨСБ
👏 Жарыстың қорытындысында ведомство бастығы Жомарт Аскаров: «Жарыс сәтті өтті деп нық сеніммен айта аламыз, қатысушылар жоғары деңгейдегі физикалық дайындықтарын көрсетті. Ең бастысы – өрт сөндірушілер сенімді, дайын, шешімді, демек қиын сәтте ешқашан жасқанбайды» – деп атап өтті.
Барлық қатысушылар белсенді қатысқандары үшін грамоталар мен бағалы сыйлықтарға ие болды
@112sko