СҚО-да жетім балаларға арналған «Ізгі өртсөндіргіш» акциясы өтті

СҚО-да жетім балаларға арналған «Ізгі өртсөндіргіш» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 ізгі іс» республикалық акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары «Отбасылық үлгідегі балалар ауылының» тәрбиеленушілерін қонаққа барды.

Шара әрі танымдық, әрі мерекелік сипатта өтті. Мекемеге қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектесетін өртсөндіргіштер табыс етілді. Балаларға заманауи өрт-құтқару техникасы көрсетіліп, құтқарушылардың сенімді көмекшілері — қызметтік иттермен таныстырылды.

 Балаларға ерекше тосынсый ретінде сүйікті кейіпкері Лабуба келіп, мерекелік көңіл-күй сыйлап, көпшіліктің жүзіне күлкі ұялатты.

 @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе