СҚО-дағы «Таза Жағалау» эко-акциясы

СҚО-дағы «Таза Жағалау» эко-акциясы

ТЖМ 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "30 игі іс" акциясы аясында СҚО ТЖД басшылығы мен қызметкерлері өңір еріктілерімен бірлесіп, Пестрое көлінің жағалау аймақтарын тазалады.

 Тазалау жұмыстары қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны болып табылатын қоғамдық жағажайда, сондай-ақ жақын орналасқан жедел-құтқару кешенінің аумағында жүргізілді.

 Бұдан басқа, Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлдің түбіне тексеру жүргізді.

 Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея жастары» жастар ұйымының еріктілерімен бірге жағалау мен жағажай аймағы тазартылды.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе