ҚР ТЖМ Кубогына арналған VIII турнирдің екінші кезеңі

ҚР ТЖМ Кубогына арналған VIII турнирдің екінші кезеңі

  Бүгін ерлер және әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Кубогына арналған VIII турнирдің екінші кезеңі өтті. Спортшылар ең қарқынды әрі көрнекті сайыстардың бірі «Шабуыл сатысымен көтерілу» жаттығуында бақ сынасты.

  Бұл жаттығу қатысушылардан жоғары жылдамдықпен қатар, ерекше үйлесімділікті, күш пен батылдықты талап етеді. Жеңіс үшін күрес қызу өрбіді, әрбір секунд шешуші мәнге ие болды.

  Биылғы турнир Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай өткізілуімен ерекше. Бұл мерейтой ведомствоның өрт сөндіру-құтқару спортын дамытуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесін айқындайды.

  Жарыстың қорытындысы бойынша аталған жаттығуда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олардың жетістіктері ұзақ уақыттық жаттығулардың, кәсіби дайындықтың және көшбасшылыққа деген ұмтылыстың нәтижесі болды.

  Әйелдер арасындағы шабуыл сатысымен оқу мұнарасының екінші қабатына көтерілу жарысының жүлдегерлері:

  1 орын – Дзолба Оксана (Алматы қ.) 07,48 сек

  2 орын – Аленина Регина (Алматы қ.) 08,04 сек

  3 орын – Подгородецкая Кристина (Астана қ.) 08,54 сек

  Ерлер арасындағы шабуыл сатысымен оқу мұнарасының төртінші қабатына көтерілу жарысының жүлдегерлері:

  1 орын – Шарипханов Ержан (Абай облысы) 13,93 сек

  2 орын – Кайсарбеков Жасулан (СҚО) 14,53 сек

  3 орын – Абильбаев Динмухамед (Алматы қ.) 18,92 сек

  Ертең жарыстар «Қарасай» стадионында өтетін 4х100 м өрт сөндіру эстафетасы бойынша жалғасады.