Солтүстік Қазақстан облысында ҚР ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Намыс» ЖШС базасында ерікті өртке қарсы пункт жұмысын бастады. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ставрополка ауылында орналасқан және жергілікті атқарушы органдардың иелігінде.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов осындай бөлімшелерді құрудың өңір үшін үлкен маңызы бар екенін атап өтті:
«Ерікті өртке қарсы пункттердің дамуы әсіресе ауылдық аумақтар үшін маңызды. Бұл тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Министрлік әрі қарай да еріктілерді қажетті техникамен, нысанды киіммен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесінде қолдау көрсетеді», – деп Рамиль Камалов атап өтті.
Ерікті өртке қарсы құралым 6 еріктіден құралған және жаңа өрт сөндіру техникасы, заманауи құрал-жабдықтар мен киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Бұл бөлімше 1800-ден астам адам тұратын үш елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.