Газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрттің алдын алу бойынша кеңес

Газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрттің алдын алу бойынша кеңес

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрттің алдын алу» тақырыбында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық басқармасы» КММ және "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциялары бөлімі" КММ өкілдерінің қатысуымен, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында сұйытылған мұнай газын сататын ұйымдардың басшылары мен өкілдері, кездесу өтті.

Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бас маманы А. Д. Басенов сөз сөйледі, ол газ сатуды жүзеге асыратын, газ тарату жүйелерін пайдаланатын, газбен жабдықтау және газды пайдалану жабдықтарын техникалық қызмет көрсететін облыс кәсіпорындарындағы апаттар және оқыс оқиғалар мен өрттің қажеттілігін болдырмау үшін "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының, "Газ және газбен жабдықтау туралы" ҚР Заңының, "Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың", "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының" нормаларын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін атап өтті.

Қауіпті өндірістік объектілерде, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде авариялар, оқыс оқиғалар кезінде пайда болатын қауіпті өндірістік факторлардың персонал мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселесін тұрақты негізде жеке бақылауға алынуы қажет.

Сондай-ақ, қауіпсіздік мәселелері газ тасымалдаушы  резервуарлық қондырғыларға газ төгу кезінде және баллондағысұйытылған газды сату кезінде, баллондарды есепке алу және пайдаланылуын бақылау мәселелерін қоса алғанда, сондай-ақ автогаз құю станцияларында баллондарды толтыруға жол бермеу ерекше бақылауға алынуы қажет.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №21-19/5074 дз-3   «Газ және газбен жабдықтау саласындағы қауіпсіздікті арттыру және бақылауды оңтайландыру жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары» орындалуы  Газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пункттері иелерінің міндеттері, сондай-ақ автогаз құю станцияларында тұрмыстық баллондарды толтыруға жол бермеу және оларға ақпараттық стендтер орналастыру қажеттігі туралы еске салды.

Кеңес қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аумағында сұйытылған мұнай газын өткізетін кәсіпорындарға қауіпті өндірістік объектілер мен әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар мен инциденттер және өрт кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерін болғызбау мақсатында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздік талаптарын тұрақты негізде сақтау мәселелерін жеке бақылауға алу қажет.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті