СҚО-да ТЖ департаменті мен өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлеріне ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (ҚСжАЕК) ақпараттық жүйелерін пайдалану бойынша оқыту өткізілді.
ҚР Бас прокуратурасы ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеуге рұқсаты бар лауазымды тұлғалардың білім деңгейін арттыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі Жоспарлау және жедел басқару орталығының жеке құрамы, сондай-ақ басқарма мен аудандық ТЖ бөлімдерінің қызметкерлерімен оқыту сабақтарын өткізді.
Сабақ барысында ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, өтініштерді қабылдау және тіркеу тәртібі, оларды қарау мерзімдері, Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімін (СДТБТ), құқық қорғау және арнайы органдардың ақпараттық алмасу жүйесін жүргізу ережелері, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу, сақтау және жою тәртібін сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Оқытуға өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші ауысым басшылары мен қарауыл бастықтары да қатысты. Оларға оқиға орнына шығу кезінде материалдарды жинау тәртібі еске салынды және ведомстволық бұйрықтар таныстырылды.
СҚО ТЖ департаменті