СҚО ТЖД-ның 22 қызметкері төтенше жағдайларда жедел әрекет ету үшін дрондарды қолдануды үйренді
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында 22 қызметкерге ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша оқыту өткізілді. Сабақтарды KazUAV компаниясының БПЛА операторы — Криворучко Дмитрий Александрович жүргізді.
Оқыту бағдарламасы дрондарды пайдалану, пилоттау негіздері, қауіпсіздік техникасы және ұшуларды басқаруға арналған бағдарламалық жасақтаманы қолдану бойынша теориялық және практикалық дайындықты қамтыды.
Заманауи DJI Mavic 3T дрондары әуе барлауына, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды бақылауға, іздестіру-құтқару операцияларына қатысуға, өрт қаупі бар аумақтарды бақылауға және авариялық-құтқару жұмыстарын құжаттауға кеңінен қолданылады. Орнатылған жылу камералары мен жоғары дәлдіктегі оптикалық құрылғылардың арқасында дрондар нақты уақыт режимінде визуалды ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді, бұл құтқарушылардың әрекеттерінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады.