Петропавлда қауіпті аймақтарда өрт сөндіруге арналған қашықтан басқарылатын робот таныстырылды.

Петропавлда қауіпті аймақтарда өрт сөндіруге арналған қашықтан басқарылатын робот таныстырылды.

Петропавл қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің аумағында отандық өндіруші — Киров атындағы зауыттың шынжыр табанды өрт сөндіру роботы таныстырылды. Бұл техника жарылыс, құлау және жоғары температура қаупі жоғары жерлерде жұмыс істеуге арналған.

Роботтың қозғалу жылдамдығы – секундына 1 метр, су ағынын 65 метрге дейін, 70 градусқа дейінгі бұрышпен бағыттай алады. Мұндай сипаттамалар өртті тиімді сөндіруге әрі адам өміріне төнетін қатерді азайтуға мүмкіндік береді.

СҚО ТЖД мамандарының айтуынша, жаңа техника құтқарушылардың қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларды жою кезінде мүмкіндіктерді кеңейтеді.