СҚО-да Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті!

СҚО-да Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті!

Петропавл қаласында СҚО ТЖД-нің 60-тан астам құтқарушысы Орталық алаңда өткен салтанатты шараға қатысып, Мемлекеттік Туды көтеріп, Әнұранды орындады.Іс-шараға жалпы 2500-ге жуық адам қатысты: облыс басшылығы, күштік құрылымдар, мәслихат және қоғам өкілдері.

 «Бірлігіміз – күшіміз!» — деп атап өтті СҚО ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев.

Осындай шаралар облыстың қала және аудан бөлімшелерінде де өтті.