Сценарий бойынша өрт 4-қабаттағы көрермен залында басталды. Оттың әрі қарай таралу қаупі туындады.Сауда орталығының әкімшілігі шұғыл түрде эвакуация шараларын қолға алып, өрт сөндірушілерді шақырды.
Оқу-жаттығу барысында түтін басқан орындардан адамдарды эвакуациялау, өртті сөндіру және зардап шеккендерге көмек көрсету әдістері пысықталды.
Сондай-ақ дабыл беру жүйесі, персоналдың бастапқы іс-әрекеттері және жедел қызметтермен өзара іс-қимыл тексерілді.