Кезекті арнайы атақтар берілді

Кезекті арнайы атақтар берілді

СҚО ТЖД бастығы, полковник Жомарт Асқаров бөлімшелердің 12 қызметкеріне жеке өзі погон табыстады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің, жоспарлау және жедел басқару орталығының, ҚР ТЖМ аумақтық органы бөлімшелерінің қызметкерлері кезекті шендерге ие болды.

«Сіздер бұдан әрі де қызметтеріңізді жалғастырып, бар күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жүйесін нығайтуға арнайсыздар деп кәміл сенемін. Офицер және азамат ретінде өз борыштарыңызды абыроймен атқара бересіздер!», – деп Жомарт Серікұлы оларға үн қатты.

СҚО ТЖ департаменті